Бала туған алғашқы күндерде орындалуы тиіс 8 амал — TOY
Бала туған алғашқы күндерде орындалуы тиіс 8 амал

 

  1. СҮЙІНШІ СҰРАУ. Сәбидің аман-есен дүниеге келуі- сүйінші сұрауға тұрарлық қуанышты жаңалықтардың бірі. Мұндай кезде біреуі ата-әже атанып қуанса, екіншісі әке,ана деген ардақты есідерге ие болып, өміріне елеулі өзгеріс енеді. Алла Тағала Құранда бала сұрап дұға тілеген пайғамбарын қуандырып: «Ей, Зәкәрия!Біз секні ұлмен сүйіншілейміз,есімі- Йахиа. Бұған дейін ешкімді ол есіммен атамадық»,-дейді.(«Мәриям» сүресі, 7-аят) Алла Ибраһим пайғамбарды (а.с) бастапқыда бір ұлмен қуантқан. Бұл жайында Құран Кәрімде «Сонда Біз оны өте ұстамды бір ұлмен сүйіншіледік»-десе, («Саффат» сүресі, 101 –аят) екінші ұлы дүниеге келгенде «...(Ибраһимнің әйелін) Исхақ және артынан Яғқұбпен қуандырдық» деп баяндалады. («һуд» сүресі, 71-аят)
  2. ҚҰТТЫҚТАУ. Перзентті болған адамды көргенде бір кісі: «Шабандоз құтты болсын!»-деген екен. Хасан әл-Басри оған: «Атқа шабарын немесе есек мінерін қайдан білдің?»- депті. Әлгі адам: «Қалай дегеніміз дұрыс?»-дейді. Сонда Хасан: «Алланың саған берген сыйы берекелі болсын!Бұл сыйды берген Сыйлаушыға шүкірлік ет. Алла саған оның балиғатқа жетіп, жақсылықтарын көруіңді нәсіп етсін» деп айт»,-деген екен.
  3. СӘБИДІҢ ҚҰЛАҒЫНА АЗАН АЙТУ. Сәбидің құлағына алғашқы естілетін сөз Алланың есімі болуы үшін әрі сәби имандылыққа жақын болсын деген мақсатта оң құлағына азан, сол құлағына қамат айтылған жөн.
  4. ТАХНИК ЖАСАУ. Әкесі немесе бір игі адамның құрманы шайнап, онымен сәбидің таңдайын сылауы сауабы мол сүннет амалына жатады. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у) сахабалардың балаларының бірнешеуіне осылай жасаған. Әбу Бәкір әс-Сыддықтың қызы Әсма Меккеде көтерген баласын Мәдинадағы Құба деген жерде босанады. Баланы Алла Елшісіне (с.а.у) алып келгенде, Пайғамбарымыз (с.а.у) жеген құрманың сөлі болды. Сосын құрманы сәбидің қызыл иегіне жағып, оған береке тілейді. (Бұхари, Муслим)
  5. АҚИҚА,ЯҒНИ ШІЛДЕХАНА ТОЙЫН ЖАСАУ. Алланың берген нәрестесіне шүкірлік айту мақсатында сойылатын малды «ақиқа» деп атайды. Туылған балаға арнап, оның атынан сою (яғни қой сою) ләзім. Бұл көптеген ғұламалардың айтулары бойынша сүннет амалға жатады, яғни міндет емес. Бірақ орындасаңыз, сауапты әрі баланың өміріне жақсы әсерін тигізеді. Алла Елшісі (с.а.у): «Бала туылғанда ақиқа жасап, қой сойыңдар және оның шашын алыңдар»,-деген. (Бұхари) Алла Елшісі (с.а.у) тағы да: «Ұл балаға арнап екі қой, қыз балаға бір қой (сойылады)», - деген. (Тирмизи,Ахмад) Ал ғұламалардың кейбірі ұлға да, қызға да бір қой сою жеткілікті деген пікірді айтады. Ақиқа құрбандығын бала туғаннан кейін үшінші, жетінші, он төртінші күні немесе одан кешіксе, қалаған уақытта соя беруге болады.
  6. КҮМІСТІ САДАҚА ЕТУ. Баланың шашын алып, салмағын өлшеп, сол салмақтың көлеміндей күмісті (ақшаны) садақа етсеңіз, сүннетке сай амал жасаған боласыз.
  7. АТ ҚОЮ. Бала туған күннен бастап оған жеті күн ішінде ат қойылады.(әлбетте, бұл жақсы есім болуы шарт). Ат қоюды жеті күннен кешіктіру абзал істі орындамау болып саналады. Әнес ибн Мәликтен жеткен хадисте Алла Елшісі (с.а.у): «Бүгін түнде ұлды болып, оны атам Ибраһимнің есімімен атадым»,-делінген. (Муслим)
  8. ҰЛ БАЛАНЫ СҮНДЕТКЕ ОТЫРҒЫЗУ. Мұсылмандығының белгісі ретінде баланы сүндетке көп кешіктірмей ертерек отырғызған абзал.

www.islam.kz

Внимание!
Материал защищен Законом об авторском праве. С условиями использования можно ознакомиться здесь

Популярные

К СОЛНЦУ ТОСКАНЫ
Бала туған алғашқы күндерде орындалуы тиіс 8 амал
Қарағандыдағы фольклор қыз
Қайталанбас қызық болсын десеңіз…
Қыз өссе — елдің көркі